info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Костанае пройдет тренинг для женщин с ограниченными возможностями

Анонсы
09.06.2017

2017 жылдың 12-13 маусым күндері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Қостанай облысы бойынша филиалында «Мүмкіндігі шектеулі әйелдердің кәсіпкерлік негіздерін дамыту» бойынша тренинг өтеді.

Шара мақсаты: Қостанай облысында мүмкіндігі шектеулі әйел адамдарға кәсіпкерлік негіздері бойынша мағлұмат беріп, шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы айтып, әйелдерге арналған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларымен таныстыру. Сонымен қатар, басқа мүгедек жандардың халықаралық деңгейде құқықтарын қорғау мәселелері туралы ақпарат беру көзделген.

Тренингке мүмкіндігі шектеулі әйел адамдар қатыса алады. Бизнес - кездесу 12-13 маусым күндері, 09-00 дан 17-00 ге дейін өтеді.

Қатысу тегін, анықтама үшін телефондар 8 /7142/ 990-305, 7 701 516 12 78, 8 777 879 29 35

Қатысуға ниет білдірушілерді Қостанай қаласы, әл-Фараби көш., 65, 705 каб. мекен-жайы бойынша «Даму» Қорының ғимаратында күтеміз.