info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Павлодарском филиале Фонда «Даму» начался прием заявок по проекту «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
12.06.2017

Шараның мақсаты: іс бастаушы кәсіпкерлердің бизнесті табысты жүргізу бағытында білімдерін арттырып, машықтандыру.

Жоба аясында қатысушыларға Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы тарапынан кеңестік-практикалық сүйемелдеу қызметі көрсетіледі. Атап айтқанда:

Бизнес-жоспар жасауға жәрдемдесу;

ШОБ субъектісі ретінде тіркелуге көмектесу;

Бизнес жүргізу сұрақтары бойынша кеңес беру;

«Даму» Қорының қаржылық қолдау құралдарына қатысуға өтінім беру мен құжаттар жинақтауға атсалысу және т.б.

Жобаға ҚР 18 жасқа толған, бизнес-идеялары бар азаматтар қатыса алады.

Өтінімдер 14 шілдеге дейін қабылданады.

Толық ақпаратты алу және жобаға қатысуға тапсырыс беру үшін мына мекен-жай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Павлодар қ., Короленко көшесі, 109 - Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, 1-қабат, 09.00-ден 18.00 дейін, анықтама телефоны: + 7 7182 2080359.