В Таразе стартует прием заявок на получение государственных грантов

Анонсы
12.06.2017

Жамбыл облысының әкімшілігі «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.

Оған ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер және жасы 50-ден асқан үміткерлер қатыса алады.

Үміткерлер аудандық кәсіпкерлік бөліміне келіп, өтінім үлгісін толтырып, байқау құжаттарын толық өзі немесе өкілі арқылы бере алады.

Грант алуға қажет құжаттар тізімі:

  • Байқауға қатысу туралы өтінім;
  • Заңды тұлғаның тіркеу туралы куәлігі, егер ЖК болса – ЖК тіреку туралы куәлігі;
  • Бюджеттік салықтар, алымдар, жарналар бойынша есеп айырысу туралы анықтама;
  • Өтінімді беру кезінде жалдамалы жұмыскерлердің орта саны туралы басшының қолы қойылған және өтінім берушінің мөрі қойылған анықтама;
  • Бизнес жоспар;
  • Кәсіпкердің «Бизнес Кеңесші» қысқа-жылдам оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі, ҰКП немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша операторы;
  • Өкіліне сенімхат (қажет болған жағдайда);
  • Лицензиялауға жататын қызмет түрінің лицензиясының көшірмесі.

Байқауға қатысу құжаттарының мерзімі: 2017 жылдың 19 маусымынан 03 шілдеге дейін жұмыс күндері сағат 09:00 ден 17:30 дейін (жергілікті уақыт).

Осы хабарландыру жайлы мына сайттан таныс боласыздар: http://dppzhambyl.gov.kz/about/info/news/1026/