В Кызылорде состоится презентация новых условий программы «Даму-Оптима»

Анонсы
13.06.2017

Құрметті кәсіпкерлер!

16 маусым күні Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Даму-Оптима» бағдарламасының өзгертілген жаңа шарттарына таныстырылым ұйымдастырылуда. Бағдарлама «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының мақсатты тобына жатпайтын салаларды қолға алған кәсіпкерлерге арналған. Жаңа құрал бизнестің сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану мен құрылыс және т.б салаларын қолдау көрсетуге бағытталған.

Егер Сіздің банктен несие алу үшін кепілмүлкіңіздің көлемі жетіспеген жағдайда, «Даму Оптима» бағдарламасы мәселеңіздің шешімі бола алады.

Кездесу барысында «Даму» Қорының кеңесшілері ШОБ қолдау көрсететін барлық бағдарламалар туралы таныстырып, бағдарламалардың жүзеге асырылу механизмдері мен нұсқаулықтары жайында толықтай кеңес береді.

Өтетін күні мен уақыты: 16 маусым 2017 ж, басталуы сағата 10:00.

Өтетін орны: Қызылорда қ, Журба көшесі 12, «Даму» Қорының КҚКО ғимараты, 2 қабат, конференц-зал.

Ақпарат телефоны: +7 7242 551118, +7 7011511197.