В Шымкенте пройдет пресс-тур по предприятиям поддержанных в рамках Единой программы поддержки и развития бизнеса «Дорожная карта бизнеса 2020»

Анонсы
13.06.2017

Шымкент қаласындағы кәсіпорындарға баспасөз туры өтеді

ОҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Аймақтық филиалы (бұдан әрі – «Даму» Қоры) Сіздерді Шымкент қаласындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде қолдау тапқан кәсіпорындар бойынша баспасөз турына шақырамыз.

Баспасөз-туры барысында дамып жатқан бизнес-жобалармен танысасыздар:

– мемлекеттік субсидиялар нарықта бәсекелесуге қалай көмектесетіні және бағаларды көтермейтіні туралы білесіздер;

– жүнді өңдейтін зауыт қандай мәселелермен соқтығысып жатқанын көресіздер;

- ілмекті арматура, фитингтер, тиектер, шұралар және т.б. өндірістермен танысасыздар.

Сіздердің сұрақтарыңызға бизнесмендердің өздері жауап береді, ал Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиал директоры Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлеріне көрсетіліп жатқан «Даму» Қорының қаржылай және қаржылай емес қолдауларының нәтижелері туралы айтады.

Баспасөз-турының бағдарламасына «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау алып жатқан келесі кәсіпорындар қамтылған:

«Шымкент-Кашемир» ЖШС – бүгінгі күні Қазақстандағы жүнді алғашқы өңдеуден өткізетін және жүн өнімдерін өндіретін жалғыз кәсіпорын.

«Шымкентский отводный завод» ЖШС құбырларын жүйелерін, ілмекті арматураларды өндіруші жергілікті кәсіплорын болып табылады, фитингтер, тиектер, суқұбырлары мен газ тасымалдау жүйелері үшін бұрып жіберулер шығарады.

Өткізу күні: 16 маусым 2017 жыл

09:00-09:15 – Жиналу және тіркелу,

Шығу орны: ОҚО, Шымкент қ., Рысқұлов к-сі, 88 В («Беладжо» қонақ үйінің жаны), Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалының кеңсесі .

Құрметті мырзалар, сіздерден жақын уақытта қатысатындықтарыңызды растауларыңызды сұраймыз. Алдын-ала алғыс білдіреміз!

ОҚО бойынша «Даму» КДҚ» АҚ АФ бас менеджері

Майя Бердалиева

8/7252/99-70-49, 99-70-57

+7-778-290-70-50