info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Талдыкоргане пройдет бесплатное обучение по проекту «Startup Академия»

Анонсы
16.06.2017

Талдықорған қаласының «Даму» Қоры» АҚ аймақтық филиалы «Startup Академия» жобасы бойынша тегін оқыту жайында хабарлайды. Бұл жоба стартап - жобаларға кешенді қолдау көрсетуге, қолайлы жағдай жасау арқылы оларды дамытуды көздейді.

Жобаның негізгі міндеттері:

  • • стартап-жобаларды дамытуға ықпал ету;
  • • стартаптарды қолдау арқылы материалдық-техникалық, зияткерлік, ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік жасау;
  • • кәсіпкерлікке ынталандыру;
  • • шағын бизнес субъектілерінің санының өсуі;
  • • кәсіпкерлікті қолдау шараларымен қамтылған стартаптар санының артуы.

Жобаға ҚР 18 жаска толган және өзінің бизнес-идеясы бар

барлық азаматтар қатысуы мүмкін

Оқу орны: Талдықорған қ., Жансүгіров көшесі 187А,. И. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті.

Қосымша ақпаратты және тіркелу

төмендегі телефондар арқылы хабарласып алуға болады: 8 7282 558710; 8 7282 241727 немесе эл. почта арқылы: zhandos.nurgazinov@fund.kz, Aliya.nugmanova@fund.kz