info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Павлодаре продолжается прием заявок на обучение по компоненту «Обучение топ – менеджмента малого и среднего предпринимательства»

Анонсы
19.06.2017

Құрметті Павлодар облысының кәсіпкерлері!

«Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» компонентіне қатысуға шақырамыз.

Оқытудың мақсаты:

  • Топ-менеджерлерді жаңа модель жасауға және бизнес жүргізуге оқыту;
  • Компанияның бәсекеге қабілеттілігін,өміршеңдігін және тұрақты өсуін арттыру;
  • Тұрғындардың бизнес жүргізудегі кәсіпкерлік деңгейін көтеру.

Компонентке экономиканың басым секторларында әрекет етіп жүрген шағын және орта бизнес кәсіпорнының жоғары және орта буын басшылары қатыса алады.

Компонент қатысушылары оқу өтетін жерге барып-қайту жолақысын, сонымен қатар оқу кезеңіндегі жатын жайға өздері төлейді.

Оқу бойынша қатысушылардың шығыны республикалық бюджет есебінен төленеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментіне оқыту 3 кезеңнен тұрады:

30 қатысушыдан (14 топ) аудиторияларда топтап үш күндік іштей оқыту;

Онлайн-семинарлар (қазақстандық мамандардың қатысуымен);

Бизнес жоспарды әзірлеу мен бағалау

Компоненттер аяқталған соң кәсіпкерлерге Назарбаев Университетінің Дьюк Университетімен біріккен оқу курсын табысты бітіргендігі жөнінде сертификат беріледі.

Қатусына өтінішті Павлодар облысы бойынша «Даму» Қоры аймақтық филиалына беруге болады. (Короленко 109, тел. 20 83 59)

немесе e-mail Aigul.Alibekova@fund.kz, анықтама үшін байланыс телефондары – (87182) 20 83 59