В ЮКО объявлен конкурс по предоставлению грантов на новые бизнес идеи

Анонсы
19.06.2017

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, инновациялық-индустриалдық даму және туризм басқармасы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде грантпен қаржыландыру байқауына қатысуға өтініштерді қабылдаудың басталғандығы туралы хабарлайды.

Гранттар өтеусіз және қайтарымсыз негізде 3 000 000 (үш миллион) теңге сомасында ұсынылады.

Гранттар кәсіпкерлердің жобаларының таныстырылымдарының қорытындысы бойынша байқау негізінде ұсынылады.

Өтініштерді қабылдау 2017 жылдың 12 маусымнан 1 шілде аралығында.

Қатысушылар: Шымкент және Түркістан қалаларының шағын кәсіпкерлік субъектілері, соның ішінде Бағдарламаның тізіміне сәйкес эконмиканың басым салаларындағы бастаушы жас кәсіпкерлер, бастаушы кәсіпкерлер, сонымен қатар әйелдер және 50 жастан жоғары тұлғалар.

Қалған барлық елді мекендерде, сол санаттар, бірақ салалық шектеулерсіз.

Міндетті шарттар:

Бағдарламаның және/немесе «Жұмыспен қамту картасы» Бағдарламасының шеңберіндегі оқыту кешендерінен сертификаттарының болуы; 
Толық құжаттар пакетін ұсыну:

Берілетін гранттың мөлшерінен кем дегенде 10 % Кәсіпкермен жобасын ортақ қаржыландыру, соның ішінде жеке мүлкімен;

Жаңа жұмыс орындарын құру.

Гранттар:

1) негізгі құралдарды және материалдарды сатып алу;
2) материалды емес активтерді сатып алу;
3) технологиялар сатып алу;
4) франшиза құқығын сатып алу;
5) зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты, шығындарға беріледі
Грант жылжымайтын мүлікті, жер телімін сатып алуға және жалға төлем ретінде қолданылмайды.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласа аласыздар 8/7252/99-80-77.