info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Костанае пройдет День открытых дверей в Мобильном Центре Поддержке Предпринимательства

Анонсы
20.06.2017

Қостанай облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру аясында, 2017 жылдың 22 маусымда Ашық есік күні өткізеді.

Акцияны өткізу барысында әрбір келген адамдар (әлеуетті, бастаушы, жұмыс істейтін кәсіпкерлер) үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржы және қаржы емес қолдау құралдарын алу мүмкіндігі туралы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметтері туралы, банктерде қаржыландыру туралы тегін кеңестер берілетін болады

Ашық есік күні 2017 жылдың 22 маусымда 09.00-ден 18.00 дейін Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің мобильді орталығында (арнайы жабдықталған автобус) өтеді, ол Әл-фараби даңғылы бойынша жолдың бөлігінде «Қазақтелеком» АҚ және «Қостанай облысы әкімдігінің мәдени басқармасы» ММ ғимараттардың арасында тұрады.

Анықтамалар үшін телефоны: 8 7142 990 305, 8-705-558-35-55