info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Кызылординский филиал Фонда «Даму» приглашает пройти бесплатный онлайн-курс дистанционного обучения для предпринимателей

Анонсы
20.06.2017

«Даму» Қоры барлық кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарды немесе өз ісін дамытқысы келетін кәсіпкерлерді үй жағдайында, ғаламтор көмегімен тегін кәсіпкерліктің курсынан өтуге шақырады. «Кәсіпкерліктің дамуын қашықтықтан қолдау» атты жобасы бастауыш, әрі әрекет етуші кәсіпкерлердің білімін жетілдіруге бағытталған.

Өз уақытын үнемдегісі келетін кәсіпкерлер үшін бүгінде айрықша мүмкіндік туып отыр. «Даму» Қорының «Кәсіпкерліктің дамуын қашықтықтан қолдау» жобасы аясында олар кез-келген уақытта қолжетімді ғаламтор желісін пайдалана отырып, өзінің білімін тегін толықтыруға және оны жетік меңгеруіне болады.

Кәсіпкерлер бар болғаны edu.damu.kz сілтемесінен өтіп, сайтқа тіркелсе, өзіне қолайлы оқу курсын таңдай отырып, оқуды бастай алады. 
Оқыту курсы барысында әрбір студентті оған белгіленген тәлімгері тексеріп, бақылау жүргізеді және оқушысының тапсырмаларын толық орындауын қадағалайды. Курс соңында қатысушыларға оқуды үздік бітіргені жөнінде электронды сертификат табысталады.
Қосымша ақпарат телефоны: +7242 55 11 17;