info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Кызылорде пройдет трехдневный семинар в рамках проекта «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
17.07.2017

Шілде айының 26 мен 28 аралығында «Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша филиалындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында әлеуетті және бастауыш кәсіпкерлерге арналған 3 күндік «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» жобасы аясында семинар-тренинг ұйымдастырылуда.

Іс-шара мақсаты: бастауыш кәсіпкерлердің өз бизнесін бастау мен кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізу бағытында білімдерін арттырып, машықтандыру болып табылады.

Жоба аясында оқудың қатысушыларына Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы тарапынан кеңестік-практикалық сүйемелдеу қызметі көрсетіледі:

Бизнес-жоспар жасауға жәрдемдесу;

ШОБ субъектісі ретінде тіркелуге көмектесу;

Бизнес жүргізу сұрақтары бойынша кеңес беру;

«Даму» Қорының қаржылық қолдау құралдарына қатысуға өтінім беру мен құжаттар жинақтауға атсалысу және т.б.

Өтетін орны: Қызылорда қ, И.Журба көшесі, 12. «Даму» Қорының КҚКО ғимараты.

Семинардың басталуы сағат 10-00-де.

Оқу ұзақтығы - 3 күн.

Семинарға тіркелу үшін және қызықтырған сұрақтарыңыз бойынша келесі телефонға хабарласуларыңызға болады: + 7 7242 551118, Электронды мекен-жай: damu@list.ru.