info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Карагандинской области объявлен конкурс по предоставлению государственных грантов

Анонсы
18.07.2017

«Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармас» ММ «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру жобасы бойынша өтініштер қабылданатынын хабарлайды.

Гранттар 3 млн теңгеге дейін қайтарымсыз және ақысыз негізде берілетін болады. Қарағанды қаласында жоба аясында жобалар экономикалық басым секторларға, ал басқа аудан қалалардан барлық саладағы кәсіпкерлер қатыса алады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында конкурсқа ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, әйел кәсіпкерлер, мүгедектігі бар және 50 жастан асқан кәсіпкерлер (жаңа бизнес ашуға) қатыса алады.

Байқау тәртібі: ашық конкурс

Байқау құжаттарды ұсыну: конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тиісті мекен жайға қатысушының өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті уәкілі арқылы тапсырады. Өтініш белгіленген нысандажәне толық барлық құжаттар тапсырылу қажет.

Байқауға қатысу уақыты: 2017 жылдың «10» шілдесінен бастап 2017 жылдың «31» шілдесіне дейін сағат 10.00 - ден 17.00 – ге дейін қабылданатын болады. 2017 жылдың «31» шілдесі сағат 13.00-ге дейін қабылданатын болады. Аталған уақыттан кейін тапсырылған өтініштер қабылданбайтын болады.

Міндетті шарттар:

  • «Бизнестің жол картасы -2020» / «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында өткізілген семинарлардың сертификаттары болуы қажет.
  • Құжаттардың толық тапсырылуы
  • Кәсіпкердің бизнес жобада кем дегенде 10% өз қаражатымен қатысу.
  • Жаңа жұмыс орындарын ашу
  • Гранттар келесіге берілетін болады:
  • Негізгі құралдарды алуға
  • бейматериалдық активтерді алуға
  • технологияларды сатып алуға
  • франшизаға құқық сатып алуға
  • зерттеу жұмыстарын жүргізуге кеткен шығындарға/жаңа технологияларға
  • Жылжымайтын мүлік пен жер телімін сатып алуға және жалға алған шығындарды жабуға грант қолданбауы тиіс.

Өтініштерді моноқалалардың, аудандардың және Қарағанды қаласының кәсіпкерлік бөлімдеріне тапсыруға болады. Сұрақтарыңыз бойынша Қарағанды қаласы, Алиханов көш. 13, тел: 8-7212-425-069, эл. пошта: mb2@krg.gov.kz немесе моноқалалар және аудандардың кәсіпкерлік бөлімдеріне хабарласу қажет.