info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Астане пройдет III Форум отечественных товаропроизводителей «Ұлы дала елі»

Анонсы
21.07.2017

2017 жылы 28 шілде күні Астана қаласындағы «Көрме» орталығында отандық тауар өндірушілердің «Ұлы дала елі» атты III форумы өтеді. Жиынның мақсаты - отандық тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында сапаны жақсарту, өнімді насихаттау және экспортқа шығару мүмкіндіктерін талқылайтын ашық диалог құру. Форумда ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, «Бәйтерек» ҰБХ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов, «Атамекен» ҰКП Төрағасы Абылай Мырзахметов, қазақстандық кәсіпкерлер, сарапшылар, сауда желілері өкілдері мен басқа да көптеген тұлғалар қатысады.

 

Форумға қатысу үшін: http://ulydalaeli.kz. сайтына тіркелу керек.

Форум аясында 28-30 шілде күндері «Қазақстанда жасалған» атты отандық тауар өндірушілердің III республикалық көрмесі» мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесі өтеді.

Көрме қонақтары отандық өндірушілердің тауарларын сатып алып, қызметтерін тұтына алады. Сондай-ақ күнде 16:00-ге дейін түрлі дәм тату шаралары, шеберлік-сабақтары өтіп, құнды сыйлықтар ойнатылады.

Сіздерді 28-30 шілде күндері Астана қаласындағы «Көрме» орталығында күтеміз.

Достық көшесі 3

Көрме сағат 10:00 - 18:00 аралығында жұмыс істейді.

Кіру тегін.

Қазақстандық тауар өндірушілердің көрмесі жайлы роликті мына сілтеме арқылы тамашалауға болады: https://www.youtube.com/watch?v=PRHrZLR5tdc