info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Астане пройдет бесплатный мастер-класс «Возврат дебиторской задолженности на предприятиях В2В»

Анонсы
21.07.2017

2017 жылғы 28 шілдеде «Даму» қорының Астана қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «В2В кәсіпорындарында дебиторлық берешекті қайтару» тақырыбы бойынша шеберлік сабағы болады.

Шеберлік сабақ бағдарламасы:

  • Дебиторлық берешек дегеніміз не;
  • Дебиторлық берешектің түрлері;
  • Дебиторлық берешектің белгілері;
  • Дебиторлық берешек топтары;
  • Дебиторлық берешекті есептен шығару жағдайлары;
  • Тапсырыс берушілерді ынталандыру;
  • Тапсырыс берушілерді топтарға бөлу;
  • Тапсырыс берушінің сипаты;
  • Заңдық аспектілер;
  • Қызметкерлерді ынталандыру жүйесі;
  • Жанжалды сотқа дейін шешу немесе Медиация дегеніміз не?

Шеберлік сабақты несиені өтеуге қызмет көрсеткен үшін дебиторлық берешекті және банк комиссиясын төлету бойынша дағдыланған заңгер (КҚК, Қарыз шотын жүргізу комиссиясы) Рүстем Ақышұлы Қаби және кәсіби медиатор Валентина Олеговна Тимошенко өткізеді.

Шеберлік сабақ 2017 жылғы 28 шілдеде өтеді, басталуы сағат 16:00-де, іс-шараның ұзақтығы - 2 сағат.

Қатысу тегін, тіркеу bankam-atata@mail.ru электорндық поштасы бойынша, қосымша сұрақтар 8-701-879-73-89 телефоны арқылы.

Қатысқысы келетіндерді Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8А үйі, 3 қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша күтеміз.