info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Кызылорде пройдет семинар «Виды обязательных страховании для предпринимателей»

Анонсы
24.07.2017

Семинар бағдарламасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін аударымды есептеудің формуласын түсіндіру мен қызметкерлерді міндетті сақтандыру түрлерімен және ережелерімен таныстыру мақсатында арнайы бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлер мен есепшілер үшін арнайы жасалды.

Семинар бөлімдері:

  • МӘМС төлеушілердің санаттары (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру);
  • МӘМС жүзеге асуының бастамасы мен көлемі;
  • Жұмыс беруші кәсіпкерлердің МӘМС бойынша төлемдері мен аударымдарын есептеудің формуласы;
  • «Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» заңы аясындағы кәсіпкерлердің міндеттері.

Сөз сөйлеушілер:

  1. Мақсұтов Нұрлан – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары
  2. Исмаханбетов Бақыт - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы директоры
  3. Денеева Гүлсім - «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Қызылорда облысының филиалы директоры
  4. Рауанов Жанібек - «Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Қызылорда облысының филиалы менеджері
  5. Төлепова Мадина - «ПРЭКО Қызылорда консалтингтік компаниясы» ЖШС директоры.

Өтетін мекен-жай: Қызылорда қ, Тоқмағамбетов көшесі 12, «Қызылорда» Қонақ үйінің мәжіліс-залы.

Өтетін күні мен уақыты: 26.07.2017ж, басталуы сағат 10.00-де.

Ақпарат телефондары: +7 7242 551118, +7 7024598980.