info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

РФ по г.Алматы объявляет набор на обучение по проекту «Startup Академия»

Анонсы
01.08.2017

Бұл жоба cтартаптардың дамуына қолайлы жағдай жасап, жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

Жобаның негізгі міндеттері:

  • Акселерация арқылы стартаптардың дамуына жәрдемдесу;
  • Стартаптардың қолын материалдық-техникалық және ақпараттық зияткерлік ресурстарға жеткізуді қамтамасыз ету арқылы қолдау;
  • Іскерлік белсенділіктің өсуін ынталандыру;
  • Шағын бизнес субъектілерінің санын арттыру;
  • Кәсіпкерлікті қолдау іс-шараларымен қамтылған стартаптар санын арттыру.

24 сағатты қамтитын, қысқа мерзімді, тегін оқудың тақырыптары:

  • Стартапты құру және дамыту ерекшеліктері;
  • Өнім, нарық, бизнес моделі, команда;
  • Стартапты сырттан қаржыландыру, кай уақытта қажет және оны табу жолдары;
  • Нарықтағы насихат: көп қаражат қайда жұмсалады;
  • Команда мен қызметкерлерге кететін шығынды оңтайландыру
  • Инвестормен келіссөздер. Инвестициялық ұсынысты қаржылық бөлігі.
  • Инвестормен келіссөздер. Келіссөзді бір жүйеге келтіру. Жобаны корпорация аясында қорғау.

18 жасқа толған, өз бизнес-идеясы бар Қазақстан Республикасының барлық азаматтары жобаға мүше болып, оқи алады.

Оқу мерзімі 2-10 тамыз аралығында.

Оқу орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 111, Наурызбай батыр қиылысы, 1- этаж, конференц-зал

Қосымша ақпаратты Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан ала-аласыз. Мекен-жайы: Алматы қ., 050004. Гоголь көшесі, 111, Наурызбай батыр қиылысы, 1- этаж, оң қанат. Тел.: +7 727 2 445566, ішкі 2916, 3116.