info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Бизнес-фитнес! Прокачай свое дело!» г. Костанай

Анонсы
02.11.2017

Құрметті кәсіпкерлер!

Фитнестің адам денсаулығына қаншалықты пайдасы бар екенін, дене бітімін әсем де сымбатты етіп қалыпта ұстап тұратынын білесіздер. Сол сияқты, бизнесте де сәннен қалмай, жаңа техника жайынан хабардар болып, қатардан қалмай жүру керек.

 

«Даму» Қорында «Бизнес - Фитнес» атты арнайы жобасы бар. Ол жерде ең үздік деген техниканың көмегімен сіздің бизнесіңізге қанат бітіреді.

Сонымен, тек қана «4» қараша күні республикалық «Үздік жиһаз» атты жиһаз салондары желісінің иесі Светлана Малимоненкомен кездесудің сәті түсіп тұр. Ол өз бизнесінің жетістік тарихын айтып, тәжірибесімен бөліседі.

 

Өткізіп алмаңыз. Кәсіпкермен мега-форматта, нәтижелі кездесу өтеді.

Кездесу барысында сіздер бизнесті қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар туралы, соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы туралы біле аласыз.

Сіздерді 4 қараша күні 11:00-де Қостанай қаласы, әл-Фараби даңғылы 26 мекен-жайы бойынша Глория мейрамханасында күтеміз.

Барлық сұрақтар бойынша: 8 7142 990 300 (ішк. 3621), elena.oganova@fund.kz