Сіз Оңтүстік Қазақстан облысында тұрасыз, Сіздің жасыңыз 18 жаста және/немесе одан үлкен жаста және Сізде керемет бизнес-идея бар! Бірақ бизнесті қалай және неден бастарыңызды білмейсіз. Олай болса сізді Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының КҚКО-ға бастаушы кәсіпкерлер үшін семинар-тренинг оқуына шақырамыз.
Тренинг бағдарламасы болашақ кәсіпкерлерге өзінің бизнесі үшін идея таңдауға, идеяның «өмір сүргіштігіне» бағалау жүргізуге, бизнесті құруға және дамытуға дайындалуға және өз бетінше бизнес-жоспар дайындауға көмектесу үшін жасалған. Тренингтер бағдарламасы интербелсенді тәжірибелік жаттығуларға, бизнес-кейстерге және іскерлік ойындардың көп түрлеріне толы.
Тренинг нәтижесі бойынша қатысушыларда кәсіпкерлік туралы толық көрініс қалыптасады, бизнесте ойлауы дамиды, мақсатқа жетуге өзіндік әсер ету дәрежесі сезіледі, бизнес-жоспарды өз бетінше құруға дағдыланады.
Оқу қорытындысы бойынша әрі қарай Тәлімгерлермен жұмыс істеу үшін және олардың жобаларын әрі қарай алып жүру үшін үздік 4 бизнес-жоспар іріктеліп алынады.
Өткізу күні: 20,21 және 22 ақпан 2016ж.;
Біздің мекен-жайымыз: Шымкент қ., «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы,
Рысқұлов 8 А к-сі, «Наурыз» аялдамасы.
Басталуы: сағат 10.00.-17.00 дейін.
Назарларыңызға, «Даму» Қорының КҚКО-ға өтініш бергендер ғана қатыса алады.
Қосымша ақпараттар: 8/7252/99-70-49, 8/7252/99-70-57 тел. бойынша