11 апреля в Шымкенте пройдет мастер-класс Акмарал Алталиевой «Сопротивление персонала: признать, понять, преодолеть»

Анонсы
06.04.2016

Іс жүзінде кез-келген копания,жетекші немесе қызметкерлер ұйымдастыру жұмыстары барысындағы өзгерістермен бетпе–бет келеді. Бүгінгі күні бұл өмірдің талабынан туындап отыр. Себебі мұндай қадамға бәсекелестердің артуы, клиенттердің талапшылдығы, жаһандану, қызметкерлер секілді түрлі факторлар әсер етеді.

Өзгерістерді қалай өміршең ету жолы бар? Өзгерістерге қалай тез бой үйретуге болады? Компаниялардағы ең маңызды сәт – қызметкерлердің сол өзгерістерге деген қарсылығымен жұмыс істеу.

Шеберлік сабағына қатысушылар адамдардың қалыпты тіршілік ағынын өзгертетін сәт келген кезде іштей қарсылық сезімі бас көтеретінін зерделеп, осы қарсылықты басып, қалыпқа түсу үшін қандай кезең ыңғайлы екенін зерттеп, бәсекелестік жағдайындағы басқару стратегияларын іздеумен айналысады.

Бұл шеберлік сабағы ірі бизнесі бар кәсіпкерлерге, жеке кәсіпкерлерге, кадр бөлімінің жетекшілеріне қажет.
Бизнес-жаттықтырушы Экономика ғылымдарының кандидаты, Almaty Management University жаттықтырушысы - Қазақстан мен Орталық Азиядағы №1 бизнес ЖОО қызметкері (AMBA және EDUNIVERSAL рейтингіне сәйкес) - Алталиева Ақмарал Андирқызы. Қазақстандық ірі компаниялар жетекшісі ретінде ұйымдастыру тәртібі және HR мәселелері бойынша ақылы-кеңес беру саласында 20 жылдық тәжірибесі бар.

Өтетін күні: 11 сәуір 2016 ж.;
Мекен-жайы: Шымкент қ., «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Рысқұлов к-сі, 8 А, «Наурыз» аялдамасы.
Уақыты: сағат 11:00- 13:00 аралығы.
Ескертетін жәйт - «Даму» Қоры КҚКО-ға алдын-ала тіркелгендер ғана қатыса алды.
Қосымша ақпарат мына телефондар бойынша: 8/7252/99-70-49, 8/7252/99-70-57