30 апреля в Талдыкоргане начинается шестидневный семинар в рамках проекта «Поддержка предпринимательских инициатив студенческой молодежи»

Анонсы
07.04.2016

Құрметті студенттер!!!

Алматы облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ студент жастарға арналған семинардың басталғанын хабарлайды.

Келем деушілерді «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» тақырыбындағы 6 күндік семинарға шақырамыз.

Семинар барысында:
Өз бизнесіңді қалай бастауға болады және құрған компанияңның жұмысын оңтайландыру үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап аласыздар;

Сондай-ақ, бизнес бастауды үйреніп қана қоймай, маркетинг, мамандарды басқару, бизнестің заңдық, қаржылық қыр-сырлары туралы мағлұмат ала аласыздар.

Семинарға жасы 18-29 аралығындағы Талдықорған қаласындағы жоғары және орта оқу орындарының студенттері қатыса алады.

Сабақтарды білікті бизнес-жаттықтырушылар, өз саласының нағыз мамандары өткізеді.

Өтініш беру уақыты: 2016 жылдың 30 сәуіріне дейін

Орындар шектеулі.

Қатысу тегін.

Қосымша сұрақтар болса 8 7282 558710; 8 7282 241727 телефондары арқылы немесе Талдықорған қаласы,Төлебаев көшесі 86, сондай-ақ : zhandos.nurgazinov@fund.kz, Aliya.nugmanova@fund.kz электронды адрестері бойынша ала аласыздар. «Даму Қоры колл-орталығының қысқа нөмірі 1408