15 апреля в Кызылорде пройдет семинар «Основные изменения в Налоговом Законодательстве РК на 2016-2018 гг»

Анонсы
13.04.2016

Семинар аясында салық қызметі органы қызметкерлері қазіргі кездегі салық түрлері мен бюджетке деген басқа да міндетті түсімдер, «ҚР Салық Кодесіне» енгізілген өзгерістер, салық формаларын қалай толтыру және салық төлеу мен өткізудің мерзімі жайында ақпарат береді. Бизнес-тренерлер:

Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер басқармасы, Қызылорда қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Бабасов Жақсылық Жайшылықұлы;

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бухгалтерлік және салық есептілігі бойынша кеңесшісі Ибраева Роза Тұрмағамбетқызы;

Семинар бөлімдері:

«ҚР Салық Кодексіне» енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;

Арнаулы салық режимiн қолданатын анықтамалық және шағын бизнес субъектілерінің салық төлеу шарттары;

Электрондық шот-фактуралар;

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, И.Журба көшесі 12 үй, КҚКО ғимараты, конференц-зал.

Өткізілетін күні мен уақыты: 15 сәуір, сағат 10:00.

Толық ақпарат алу немесе семинарға қатысуға өтiніш беру үшін мына телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: 8-(7242) 55 11 18, 8 705 202 40 50. Электрондық адрес: damu@list.ru.