Костанайский филиал Фонда «Даму» сообщает о начале сбора заявок на второй этап проекта «Поддержка предпринимательских инициатив студенческой молодежи»

Анонсы
14.04.2016

Жоба - студент жастардың кәсіпкерлік потенциалын ашуды көздейді.

Жоба барысында 6 күн бойы тегін оқу өткізіледі. Семинарда кәсіпкерлікке кіріспе, кәсіпкерлік психологиясы, кәсіпкерліктің заңдық және қаржылық аспектілері, менеджмент, маркетинг, бизнес-жобалау және тағы басқа да тақырыптарға дәріс өткізіледі. Оқу курсын өткеннен кейін тыңдаушылар «Тәлімгерлік» компонентіне қатысуға және де алдағы тәжірибемен ұштастырылып өтетін оқуға қатысуға да өтініш бере алады.

Жобаға 18-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының жоғары және орташа арнаулы оқу орындарының студенттері қатыса алады.

Орындар саны шектеулі. Қатысуға асығыңыз!

Толық ақпарат алу мен өтініш беру үшін: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы 65, «Бизнес-орталық» - Кәсіпкерлерге Қызмет көрсету Орталығы,1 қабатқа келіп хабарласуға болады.

Уақыты: 09.00-18.00 аралығы, телефон: : 8(7142) 99-03-00, 54-15-83.