20 апреля в Актау пройдет мастер-класс Марата Копбергенова "Система безудержного развития бизнеса"

Анонсы
18.04.2016

Қазіргі күні тренинг қатысушыларын толғандыратын ең маңызды сұрақтардың басында бизнесті құру жүйесі тұрары анық. Себебі, кәсіп ашып, жолға қойғысы келген жандардың алдында «қай бағытқа қарай жылжу керек?»-деген сұрақ жиі көлденеңдейді.

Дей тұрғанмен, көптеген компания иелері де өз бизнесінің «тиімді» дизайнын қалыптастыруды білмейді. Бұл білместіктен тиімді даму жүйесін де құра алмай жатады.

Бұл шеберлік-сабағында сіздің бизнесіңіздің «жұмыс жүйесін» құруды үйретеміз. Бұл жүйе сіздің бәсекелестеріңіздің 99 пайызында жоқ. Ел білмейтін әдістерді үйрете аламыз.

Сізге қарай ағылатындай етіп «клиент тарту» әдісі және байланыс мәліметтерін сізге ғана қалдырып, болашақта байланысын үзбеуі үшін не керектігін әңгімелейміз.

Сондай-ақ сіздің бизнесіңіздің инфомаркетингі тақырыбын да қаузап, клиенттеріңізді оқыту арқылы бәсекелестеріңізден алшақтау тәсілдерін үйретеміз. Клиенттеріңіздің сізге деген ниетін түзу етіп, оларға қайта-қайта қызмет ұсына алатындай жағдайға қалай жету керектігіне де тоқталамыз. Клиентті бюджетсіз тартудың 30-дан астам әдісін үйретеміз. Сөйтіп, сіз сабақ соңында өзіңізге назар аударған жандардың сіздің тұтынушыңызға айналуы үшін не қажет екендігін біле аласыз.

Шеберлік-сабағын сертификаты бар кәсіби бизнес-тренер, бизнес-кеңесші, «МаКонсалт» консалтингтік бизнестің иесі Марат Көпбергенов жүргізеді. Ол бизнес тақырыбындағы: «Жылдам Маркетинг. Сіздің бизнесіңіздің табысы мен сатылым деңгейін көтерудің 15 жылдам әдісі» атты кітаптың авторы.

Күні: 20.04.2016 ж - 22.04.2016 ж аралығы;

Өтетін жері: Ақтау қаласы, 16ш/а., №24 ғимарат, КҚКО, 1 қабат, конференц-зал

Уақыты 16.00 - 18.00.

Қызықтырған сұрақтарыңызды қойғыңыз келсе немесе шеберлік-сабағына жазыламын десеңіз КҚКО менеджерлеріне хабарлассаңыз болады: телефондар: 8 (7292) 70-10-51 ішкі. 3723, 8 707 321 60 46 www.damu.kz.