В Мангистауской области продолжается прием заявок на обучение в рамках проекта «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
18.04.2016

Сізде болашағы зор бизнес-жоспар бар, бірақ іс жүргізуде біліміңіз бен тәжірибеңіз жоқ па? «Жаңа бизнес ашуға қолдау көрсету» жобасы бастамаңызды соңына дейін жетілдіріп, өз бизнесіңізді жүзеге асыруға көмектесе алады. Семинарды сертифицикаты бар кәсіби бизнес-тренер, бизнес-кеңесші Марат Көпбергенов өткізеді.

Оқуға жасы 18-ге толған барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Өтінімдер 19 сәуір күнінің соңына дейін қабылданады.

Семинар соңында кәсіпкерлік негіздерін үйренгені туралы сертификат тапсырылып, қатысушылар дайын бизнес-жоспарларымен Старт-ап жобалар байқауында бақ сынай алады.

Ол байқауда жоғары балл алған жоба жеңімпаз деп танылып, тәжірибелік онлайн/оффлайн оқуға жолдама алады. Бұл оқу өз бизнесін ашуға қажетті білім мен тәжірибе жинауға көмектесіп, кәсіпкерлік барысындағы шаруаларды дұрыс жолға қойып, басқаруды үйретеді.

Орындар саны шектеулі. Қатысуға асығыңыз!

Өтетін жері: Ақтау қаласы, 16ш/а., №24 ғимарат, КҚКО, 1 қабат, конференц-зал Қызықтырған сұрақтарыңызды қойғыңыз келсе немесе семинарға жазыламын десеңіз КҚКО менеджерлеріне хабарлассаңыз болады : телефондар: 8 (7292) 70-10-51 ішкі. 3723