В Актобе начался сбор заявок на участие в проекте «Поддержка предпринимательских инициатив студенческой молодежи»

Анонсы
19.04.2016

Жоба ҚР жоғары және орта білім ошақтарындағы студент жастардың кәсіпкерлікке деген бетбұрысын анықтап, кәсіп ашсам деген талаптарын ұштап, қолдау көрсетуді көздейді. Жобаға 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Жоба барысында 6 күн тегін семинар өтеді. Онда кәсіпкерлікке кіріспе, кәсіпкерлік психологиясы, кәсіпкерліктің заңдық, қаржылық аспектілері, менеджмент, маркетинг, бизнес-жоспар секілді көптеген тақырыптарға дәрістер оқылады. Оқу аяқталған соң, тыңдаушылар «Тәлімгерлік» компонентіне қатысуға өтінім беріп, болашақта тәжірибелік оқуға жолдама алуға мүмкіндіктері бар.

Толыққанды ақпарат алу үшін Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 51/1. (КҚКО) 1-қабатқа келіп, 09:00- 18:00 аралығында хабар ала алады. телефондар: 8(7132)703-808, 703-811, 703-812.