22 апреля Кызылординском Центре обслуживания предпринимателей пройдет семинар «Бизнес в кризис»

Анонсы
19.04.2016

22 сәуір күні «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы мен Мүгедектерге арналған оңалту орталығының ұйымдастыруымен «Мүгедектік бизнес бастауға кедергі емес» атты семинар өтеді.

Семинар барысында Даму Қорының «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» кеңесшілері семинар қатысушыларына жеңілдетілген несие мен қайтарымсыз гранттарға қол жеткізу жолдарын айқындап, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Даму-Көмек», «Жұлдыздарға қара» жобаларына қатысу шарттарын түсіндіреді.

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Талсуат аулдық округі, Талсуат №6/1, конференц-зал., басталуы сағ:10-00.

Сұрақтар бойынша келесі нөмерге хабарласа аласыздар: 8 (7242) 55-11-18