25 апреля в Павлодаре пройдет семинар «Опыт организации обучения предпринимательству за рубежом»

Анонсы
20.04.2016

Құрметті кәсіпкерлер! «Нархоз Университеті» АҚ бағдарламаларын насихаттау және серіктестерді іздестіру мақсатында 25 сәуір күні сағат 17.00-де «Даму» Қорының Павлодар облысы филиалының ғимаратына Университеттің стратегиялық даму және халықаралық қызмет жөніндегі проректоры Цай Виктория келеді.

Кездесу кезінде «Шетелде кәсіпкерлікті оқытуды ұйымдастыру» тақырыбындағы семинар өткізу де жоспарланған.

Семинарда компания стратегиясын дайындаудағы негізгі қателіктер мен сәтсіздіктердің себебі қаралатын болады. Неге «қағаз» жүзіндегі стратегия жұмыс істемейді?

Онда компания стратегиясын әзірлеу тәжірибесі, стратегияны жүзеге асыру жолдары, стратегияны әрбір қызметкерге қалай жеткізуге болады, әр қызметкерді стратегияны жүзеге асыруға қалай жұмылдыруға болады, компанияның стратегиясын қалай бейімдеуге болады, жүзеге асыруда қалай өзгерістер енгізуге болады,- деген сұрақтарға жауап іздейді.

Негізгі мақсаты — тәжірибе алмасу, жұмыста өз бетінше жоғары нәтижелерге жетуге көмек көрсету.