В Кызылординской области начался прием заявок на получение грантов в рамках Единой программы поддержки и развития бизнеса «Дорожная карта бизнеса 2020»

Анонсы
25.04.2016

Байқауды ұйымдастырушы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28, 301 кабинет; электронды пошта: oblkasipkerlik@korda.gov.kz; байланыс телефоны 8(7242) 70-54-87, 40-10-59.

Байқаудың нысанасы: Ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субьектілеріне (жеке бизнесін құруға) «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну.

Байқаудың нысаны: ашық байқау.

Қатысу шарттары: байқауға жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі мемлекеттік қолдау алу үшін өтініш берген уақытта кемінде үш жылды құрайтын қайта тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Қатысу үшін өтінімдер тапсыру орны: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28, 301 кабинет; электронды пошта: oblkasipkerlik@korda.gov.kz; байланыс телефоны: 8(7242) 70-54-87, 40-10-59.

Құжаттаманы ұсыну тәртібі: байқауға қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайы бойынша өзі, пошта немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім мен байқау құжаттамасының толық жиынтығын ұсынады.

Жеке қаражатын салу: ұсынылған грант қаржаты көлемінің 10%-нан кем емес.

Кәсіпкерлердің (жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның құрылтайшысының (құрылтайшыларының) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін «Бизнес-кеңесші» экспресс-курстарында қысқа мерзімді оқудан өтуібайқауға қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік субьектілеріне бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар келесі мақсаттарда ұсынылады:

1. Негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
2. Материалдық емес активтер сатып алу;
3. Технологиялар алу;
4. Франшизаға рұқсат алу;
5. Зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияны енгізуге байланысты шығындар.

Көрсетілген қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Грант беру жөніндегі байқау іріктеуінее қатысуға өтінім;
2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама;
4) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;
5) бизнес-жоба;
6) Бағдарлама және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының шеңберінде Кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) заңды тұлғалар үшін Жарғының (бар болса) көшірмесі;
8) қызмет түріне лицензияның көшірмесі (қажет болса);
9) Кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).

Құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2016 жылдың «23» сәуірінен бастап 2016 жылдың «11» мамырына дейін (қоса алғанда) жұмыс күндері сағат 9-00-ден 13-00 дейін, 15-00 ден 19-00 дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді тапсыруды бастаған күні мен уақыты: 2016 жылдың «23» сәуірінен бастап сағат 09-00-ден (жергілікті уақыт).

Өтінімді тапсыруды аяқтау күні мен уақыты: 2016 жылдың «11» мамыры сағат 19-00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.