«Salia» ательесі: мінсіз киім жайлы арманды орындайды

Жаңалықтар
01.07.2024

Қарағанды қаласының қақ ортасында жаңа ателье есігін айқара ашты. Ол барлық сән мен жоғары сапаны білетіндер үшін нағыз олжалы орын болмақ. «Salia» – стильді және мінсіз киіну жайлы армандар орындалатын жер.

Ателье иесі, талантты дизайнер, тәжірибелі тігінші, би тобының жетекшісі Салия Байдуллақызы әр тұтынушының тілегін ескеріп, ерекше дүние жасау үшін өзі жеке қабылдайды. Сондай-ақ, ательеде киімдерді уақытша алуға болады немесе сол жерде этникалық стильде фотосессия жасауға мүмкіндік беретін фото орындар бар. «Salia» ательесінде кез-келген күрделі киім тігуге тапсырыс беруге болады. Мұнда күнделікті киетін киімдерден кешке салтанатты шараларға киетін көйлектерге дейін тігіледі. Киім жөндеу және қайта тігу, перделер мен үй тоқыма бұйымдарын да жасап береді.

Қарағанды өңірінің «Кәсіпкер» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында ателье 2023 жылы өндірісті кеңейту үшін «Банк ЦентрКредиттен» 7%-бен жеңіл несие алды.

Ателье тігін құралдары мен тігу сапасына ерекше назар аударады. Салия ханым тек ең сапалы маталармен және құралдармен жұмыс істейді, ал барлық өнімдер кәсіби жабдықта жасалады.

Ателье «Салияның» әрбір туындысы тек киім емес, тігін өнерінің туындысы. Салия Байдуллақызы соңғы сән трендтерін тұтынушылардың жеке тілектерімен шебер үйлестіреді, дене пішінінің ерекшеліктерін ескере отырып және ерекше бейнені жасайтын киім тігеді.

Өзіңізге армандаған киіміңізді сыйлаңыз, ЖК Salia ательесінің мамандарына сеніңіз!

Ателье «Salia» өз тұтынушыларын мына мекенжай бойынша күтеді:

Қарағанды қаласы, 13 шағын аудан, 9 үй, 2.

Телефон +77784292920