Более 2 млрд. тенге размещено по программе массового предпринимательства «Еңбек» в ДБ АО «Сбербанк»

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
16.05.2019

Еңбек бағдарламасы бойынша «Сбербанкке» 2 млрдтан астам теңге түсті

96362061-fe0a-4025-a198-915c6b8073b9.jpg

Құрметті кәсіпкерлер! «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша «Сбербанк»АҚ ЕБ-ға 2 263 210 000 теңге түсті. Ол қаржы өңірлерге төмендегідей бөлінді:

·        Нұр-Сұлтан қаласына 592 015 00 тг

·        Ақтөбе облысына 200 000 000 тг

·        Атырау облысына 255 930 000 тг

·        ШҚО 116 000 000 тг

·        БҚО 300 000 000 тг

·        Маңғыстау облысына 399 265 000 тг

·        Павлодар облысына 100 000 000 тг

·        СҚО 150 000 000 тг

·        Жамбыл облысына 150 000 000 тг

Бағдарламаға сәйкес, қаржыны жұмыссыздар (халықты еңбекпен қамту орнына тіркеуге тұрған-тұрмағанына қарамастан; өзін өзі асыраушылар; іс бастаушы кәсіпкерлер; бизнесі бар кәсіпкерлер; ауылшаруашылық кооперативтері мен оның мүшелері; шаруа және жеке қожалықтар; зейнетке шықпаған, жұмыстан қысқарып қалған қызметкер ала алады. Ол үшін несиеге өтінім берерге дейін жеке кәсіпкерлік нысаны ретінде тіркелуі керек.

Бағдарлама талаптары:

Максимал сома: қалалар мен моноқалалар үшін 6500 АЕК (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау қалаларын қоспағанда) және до Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау қалалары үшін 8000 АЕК.

Несиенің жылдық мөлшерлемесі: 6%

Мерзімі: 5 жылға

Кәсіпкердің кепілзаты жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» Қорының кепілдігін пайдалана алады.