Финансирование на неограниченную сумму под 6% годовых стало доступно предпринимателям. В программу "Экономика простых вещей" внесены изменения.

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
11.07.2019

Жылына 6%-бен шексіз сомаға қаржыландыру кәсіпкерлер үшін қол жетімді болды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына өзгеріс енді.

Енді Қазақстандық кәсіпкерлер  бар жоғы 6 пайызбен шексіз сомаға несие ала алады. 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына (Басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі) өзгерістер енді.  Субсидия көлемі несиенің номинал мөлшерлемесінен  9%-ға дейін артты. Енді кәсіпкерлер жылына тек 6%-бен ғана несие төлейді! 

Сондай-ақ басымдық берілген салалар тізіміне де өзгерістер енді. Ол тізіммен сайтта таныса аласыздар. Сілтеме:  https://damu.kz/programmi/programmy-dlya-deystvuyushchikh-predprinimateley/subsidirovanie/usloviya-s... немесе damu.kz – Бизнесі бар кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар – Субсидиялау –  «Қарапайым заттар экономикасы»  бағдарламасы - Басымдық берілген салалар деген тізбек бойынша өтесіздер. 

Бағдарлама талаптары: 
  • Максимал сома: шексіз
  • Несие төлеу мерзімі:  7 жылға дейін
  • Субсидия мөлшері: сыйақы мөлшерлемесінің 9%-ына дейін
  • Несиенің мақсаты: негізгі құралдарды сатып алу, айналым қаражатын толықтыру. 
Бағдарлама аясында кәсіпкерлер Қордың кепілдігін де ала алады. 

Қатысатын банктер: «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «BankRBK» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ,  «АТФ Банк» АҚ, «Fortebank» АҚ, «First Heartland Jýsan Bank» АҚ.