В Атырау поддержан проект охранного бизнеса

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
09.10.2019

Атыраулық арудың күзеті мықты

Бүгін біз бизнесте нағыз ерлер айналысатын істі таңдаған ханыммен таныстырамыз. Гүлмира Абырқызы Жұмағалиева – 2008 жылы Атырау қаласында құрылған «ПЦН Күзет» ЖШС кәсіпорнының басшысы.

333.jpeg

Күзет саласында айтарлықтай тәжірибесі бар Гүлмира Сабырқызы жеке күзет компаниясын ашты. Жұбайы техникалық жағынан қолдау көрсетсе, өзі компанияның дамуымен айналысты.

Қызметтің негізгі бағыты - күзет мониторингінің техникалық құралдарын пайдалана отырып, орталықтандырылған бақылау пульті арқылы, заңды және жеке тұлғалардың объектілерін күзету. Негізгі басымдық осыған арналған. Сапалы қызмет көрсетіп, өзін мықты бренд ретінде танытуды көздейтін компанияның дамыған сату желісі бар.

«ПЦН Күзет» ЖШС дамуындағы маңызды кезең деп 2009 жылды айтуға болады. Ол кезде техникалық база қалыптасып, Атырау қаласын толық қамтыған радио таратқыш жабдықтар орнатылды. Ал 2011 жылы Атырау облысын толық қамтуға мүмкіндігі бар кешендер орнатылды. Пульттік қызмет ұсыну аясы кеңейді. Сондай-ақ жеке бекеттер арқылы күзет қызметін ұсыну, жабдықтарды сату және монтаждау басталды. 2015 жылы Құлсары қаласында (Атырау облысы), 2016 жылы Ақтау қаласында филиал ашылды.

Қазір «ПЦН Күзет» ЖШС жеке және заңды тұлғалардың объектілерін күзетіп, техникалық құралдарды (күзет-дабыл, өрт дабылы, бейнебақылау) пайдалана отырып, жедел әрекет ететін мобильді қарулы топтар шығарып, жүктерді алып жүруде орталықтандырылған бақылау пульті арқылы күзетеді. Күзет-дабыл, өрт-дабылын, бейнебақылау жүйелерін сату, орнату, жөндеу, кепілдік, кепілдіктен кейінгі және сервистік қызмет көрсетумен де айналысады.

IMG_8158.jpg

Штатқа жоғары білікті қызметкерлер алынып, олар арнайы оқу-жаттығудан. Арнайы мақсаттағы күзет жабдықтарының әлемдік жетекші өндірушілерінің сертификаттарына ие болды.

Құлсары қаласында кешенді күзет қызметтерін ұйымдастыру үшін компания «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 20,0 млн теңгені жылына 14%-бен алды. Мемлекет 7%-ын субсидиялайды.