Барлығын «ZNAMUS» орталығы үйретеді

Жаңалықтар
30.12.2022

«ZNAMUS» балаларды дамыту орталығы бүгінде Атырау облысындағы ең үздік орталық ретінде танымал.

Бастауыш сынып мұғалімі, білікті ұстаз, психолог, «ZNAMUS» балалар орталық директоры Зейнеп Астраханцева – еңбек тәжірибесінің басым бөлігін мектептегі бала тәрбиесіне арнап, содан кейін жеке кәсібін ашуға бел буған жан.

Кәсіпкер 2012-2017 жылдары «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және «Даму» қорының кепілдігі түріндегі мемлекеттік қолдауды пайдаланған.

Бизнесті дұрыс жолға қоя білу мен білікті қызметкерлердің арқасында «ZNAMUS» үш филиалын ашты. Бүгінгі таңда оқу орталығының филиалдарына 30 білімді маман тартылған. Балалар орталығы мен балабақшаны біріктіретін орталық өз бағыты бойынша ерекше саналады.

Жұмыс және демалыс күндері орталық мектепке дайындық, 2 жастан бастап балаларды дамыту сабақтары, күніне 5 мезгіл тамақ, толық күн бойы сапалы бала күтімі, 4-12 жас аралығындағы балаларға ағылшын тілін үйрету, шығармашылыққа 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды баулу, театр студиясы, логопед және нейропсихолог қызметтері, йога, шеберлік сабақтарын ұсынады. Қазір барлық филиалда 320-ға жуық бала тәрбиеленуде.

Жылжымайтын мүлікті сатып алу керек болған кезде «Астраханцева.З» ЖК Атырау қаласындағы «Қазақстан Халық Банкінен» жылына 19,5 пайызбен несие алды. Бүгінгі күні кәсіпкер небәрі оны «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы» бағдарламасы аясында 6 пайызын төлеп отыр, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Қордың кепілдігі несие сомасының 23%-ын құрады.

Мекенжайы: Атырау қаласы, Жарбосынов, 6

+7 7024261781; +7 7753506895

Инстаграм: @center_znamus_atyrau

Znamus.atyrau