«Дәстүрлер сәнмен қосылғанда»

Жаңалықтар
27.12.2022

Бинеубаева Шынарай Аяпбергенқызы тігіншілікті 2013 жылы жалдамалы бөлмеде бастаған. Осы жылдар ішінде ол жағымды нәрсені пайдалы дүниемен үйлестіруге тырысты. Атап айтқанда, сүйікті ісімен айналыса отырып, жақсы табыс таба бастады. Қазақстанда ұлттық нақышта тігілген киімдер үнемі сұранысқа ие. Мұндай киім қазақ халқының материалдық мәдениетінің бір бөлігі болып қала береді. Ол өзіндік ерекшелігімен және түсімен, өндіріс ерекшелігімен және түрлі-түсті бояуымен ерекшеленеді. Клиенттер Шынарай Аяпбергенқызының тігін шеберханасының киім сапасына және әр клиентке деген жеке көзқарасын тез бағалады. Іс дамып, өсе бастады. Кәсіпкердің көптен бергі арманы жеке шеберхана ашу мақсатында жаңа кеңсе сатып алу болды.

Шеберхана ашу үшін дұрыс орын таңдау өте маңызды. Шын мәнінде, бұл клиенттердің келіп-кетуінен бастап, көбеюіне әсер етеді. Кәсіпкерде дұрыс орналасқан мекенжайды таңдауда 2 нұсқа болды: бұл сауда орталығындағы орынды жалға алу немесе тұрғын ауданда жаңа кеңсе сатып алу. Тұрғын аудандарда трафик әлдеқайда төмен, дегенмен кәсіпкер клиенттер жақын маңдағы үйлерден пайда болатынына, олар уақыт өте келе жаңа клиенттерді тарта отырып, «ұзынқұлақ» жұмыс істей бастайтынына сенімді болды.

Кәсіпкер ойға алған жоспарын жүзеге асыру мақсатында Ақтау қаласындағы «First Heartland Jusan Bank»-тен 60 ай мерзімге қажетті 14,95%-бен несие алды. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясындакәсіпкер қарызды 6%-бен төлейді, ал 8,95%-ын мемлекет субсидиялайды.

Ателье ашу үшін кәсіпкер жалпы ауданы 215,43 ш.м. болатын 2 коммерциялық үй-жай сатып алды. Қазіргі таңда Ақтау қаласы мен облыс тұрғындары «Shinaray Aiapbergen» ательесінің өнімдерін жақсы біледі. Кәсіпкердің барлық бастамалары ұжымының күш-жігері мен мемлекеттік қолдаудың арқасында сәтті жүзеге асырылуда.

Мекенжайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 17 ш.а., Айрақты-2 ТҮК, 85 үй.

Байланыс: +7(702) 367 98 98

Инстаграмм: @shinaray_aiapbergen