Жүк тасымалы – кез келген кәсіпкер үшін өте күрделі сала. Осы бағыттың болашағының зор екенін білген біздің бүгінгі кейіпкеріміз мемлекеттік бағдарламалар көмегімен осы салада іс бастап, дамытып келеді.
Мұса Мирсалов авто көлікпен жүк тасымалдау ісіне 2006 жылы келді. Негізінен Жамбыл облысының халқы, сондай-ақ өндіріспен айналысатын және тауарды жеткізу үшін жүк көлігін талап ететін компаниялардың тапсырысын қабылдайды.
Сұраныс артуына байланысты және жүк тасымалы бойынша қызмет аясын кеңейту мақсатында тағы бір жүк көлігін сатып алу қажет болды.
Қаржы қажет болғанда кәсіпкер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Жамбыл облысы бойынша аймақтық филиалына егжей-тегжейлі кеңес алу үшін жүгінеді. Толық кеңес алғаннан кейін кәсіпкер құжаттарын жинап, өз мақсатын жүзеге асыру үшін несие алуға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на қаржыландыруға өтінім береді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында Қор пайыздық мөлшерлемені субсидиялап, кепілдік ұсынды. Кәсіпкер үшін сыйақының соңғы мөлшерлемесі жылыга 6% құрайды.
Қаражат алғаннан кейін кәсіпкер жүк көлігін сатып алды. Мұса Мирсаловтың айтуынша, қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалуға болмайды. «Даму» Қорымен бірге бизнесті одан әрі дамыту керек.
Тараз, Әйтиев 8
Телефон: +7 (777-43) 2-99-99