ZHEZAIR – қазақ авиатасымалдаушысы

Жаңалықтар
23.12.2022

«Жезқазған-эйр» авиакомпаниясы» (ZHEZAIR) 2001 жылы құрылған, аталған облыс орталығындағы қазақ авиатасымалдаушысы. Аттас әуежай мен Жезқазған біріккен авиациялық эскадрильясының базасында құрылған компания, әуежай стандарттарына сәйкес Қарағанды, Астана, Алматы бағыттары бойынша Қазақстан ішінде тұрақты рейстерге шығып тұрады. Әуе торабының клиенттері Qazaq Air және SCAT компаниялары. Компания жолаушыларға үнемді стандарттар бойынша қызмет көрсетеді.

2019 жылы компания әуе паркін жаңартуға шешім қабылдады және L 410 UVP-E20 маркалы жаңа ұшақ сатып алды. Жобаны «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қолдап, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ банкі берген несиені ішінара субсидиялады.

Бүгінгі таңда авиакомпания республикада көпжоспарлы функцияларды толық көлемде жүзеге асырып келеді. Коммерциялық тұрғыдан сәтті бола отырып, авиакомпания мемлекеттік маңызы бар міндеттерді орындауды жалғастыруда.

Авиакомпания қызметінің басымдықтары – ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейін ұстап тұру және Ұлытау өңірі үшін аса маңызды саналатын халық пен экономиканың авиатасымалдарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру болып қалары сөзсіз.

100600, Жезқазған қаласы

Телефон: +7 7102 74 57 57.