«Даму» Қоры гофр картон шығару жобасын қолдады

Жаңалықтар
12.01.2023

«КазЮгПром» елдегі гофр картоннан жасалған тасымалдау қаптамаларын өндіруші жетекші компаниялардың бірі. Гофр қаптамаларды шығаратын жеке өндіріс орны, соңғы технология - жылына миллиондаған шаршы метр жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Гофр картон – өте ыңғайлы қаптама материалы, қайта өңдеуге оңай және экологиялық таза. Өндірісте қолда бар материалдарды пайдалану оның бағасының аса көтерілмеуіне әсер етеді. Картон қораптардың басқа түрлерімен салыстырғанда гофр картон қораптары қатты және амортизациялық қасиеттері жоғары болғандықтан, оралған тауарлардың тамаша қорғалуына кепілдік береді.

Өндіріс технологияларының арқасында болашақта флексо басып шығаруға мүмкіндік бар. Компания қысқа мерзімде жеке өлшемдер бойынша кез келген күрделі тапсырыс бойынша гофрленген ыдыс пен гофрленген қаптамалар шығарады. Логотипті қолдану және 3 түске дейін жарнамалау мүмкіндігі бар стандартты және стандартты емес үш және бес қабатты гофрленген қораптар бар.

Өндірілген гофрленген қаптама сапа сертификаттарына сәйкес келеді. Гофрленген картонды желімдеу кезінде тегіс парақтардың арасына әртүрлі профильдер (В, С, Е профильдері) салынуының арқасында қаптама ерекше жеңіл, әрі икемді болып шығады.

«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын 2022 жылы «Нұрбанктен» айналым қаражатын толықтыруға жылына 19%-бен несие алды, оның 13%-ын «Даму» АҚ субсидиялайды, сондай-ақ Қор кепілдік те берді.

«Біз сіздердің өнімдеріңіз үшін тек гоф қаптама ғана шығармаймыз. Біз сіздің өніміңізді сату үшін технологиялар әзірлейміз. Біз қаптаманың өнімді әзірлеу процесінің ажырамас бөлігі екенін түсінеміз. Қаптама өнім бағасының маңызды факторы. Өнімнің сапасы мен бағасы өзгеріссіз қалса да, қаптаманың жаңа дизайны сатылымды арттыруға мүмкіндік береді», - дейді компания басшысы Кәрім Нәзира.

 

Мекенжайы: Шымкент қ., «Оңтүстік» өндірістік аймағы, Қапал батыр көш., 8/6.

Тел: +7 (7252) 61-15-10, +7 (701) 315-89-89.