Шавлетова Әсем – кәсіпкерлікпен 2019 жылдан бастап айналыса бастаған. Сол кезде ашқан «Nursultan» балабақшасы бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Ақтөбеліктерге жақсы таныс.
Қазіргі кезде балабақшаларда орын жетіспеушілігі жиі байқалады. Ал баласын бақшаға орналастырғысы келетін ата-аналар саны артып келеді. Осы жағдай кәсіпкерге алғашқы балабақшасын ашуға түрткі болды.
Жұмысты дұрыс көзқарас қалыптастырып, жолға қоюдың және білікті қызметкерлердің арқасында қала бойынша 5 балабақша ашылды. Қазір онда 100-ге жуық педагог жұмыс істейді және 850 бала тәрбиеленуде. Онда: логопед-дефектолог, хореография, ән, моторика, түлі шығармашылық, таэквондо секциялары және т. б жан-жақты дамыту қызметтері ұсынылған.
Кәсіпкер жабдық сатып алу үшін «Даму» Қорының Ақтөбе филиалына жүгініп, қор менеджерлерінің сүйемелдеуімен «Қазақстан Халық Банкінен» 18,5%-бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында оны кәсіпкер 6%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды.
«Балабақша ашу жобасы қала мен жалпы облыс үшін үлкен әлеуметтік маңызы бар. Жұмыссыздық проблемасын жою, сол арқылы қаладағы әлеуметтік шиеленісті азайту үшін штатқа 100 білікті кадрдан тұратын қызметкер тартылды», - дейді кәсіпкер.
Ақтөбе қаласы, Тәуелсіздік 18а
Instagram: @nursultan_balabakcha
Телефон: +7 777 679 6329