«Қостанайшинсервис» ЖШС Қазақстан нарығында 2000 жылдан бері жұмыс істейді. Кәсіпорын отандық және импорттық автошиналарды көтерме және бөлшек саудалаумен айналысады. Өткен маусымда компания Қостанай мен Қазақстанның басқа да облыстарындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен халқы үшін доңғалақ жеткізуде көшбасшылардың бірі болды. «Қостанайшинсервистің» Қостанай қаласында үш бөлшек сауда орны және бір көтерме базасы, сондай-ақ Көкшетау, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында филиалдары бар. Соның арқасында әртүрлі өңірлерге баға өзгермей, тез жеткізіледі.
Айналым қаражатын толықтыру қажет болғанда компания «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 21,75%-бен алған несиесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялап, жылына 6%-ға түсірді. Қалғанын «Даму» Қоры субсидиялайды.
Қазіргі уақытта «Қостанайшинсервис» «РОЗАВА» ЖАҚ, KAMA, «Continental Matador KZ» ЖШС, «TRIANGLE» (ҚХР), ALTAIRE, HABILEAD, ROADHIKER TYPE LIMITED, HEADWAY/HORIZON, Amour (ҚХР), AUFINE CO.LTD, «Прирелли Тайр Русь» ЖШҚ шина зауыттарының дилері. Сондай-ақ: «Петрошина» ЖАҚ эксклюзив өкілі, «ТЕКОМ» ЖАҚ және «Алтай Шина комбинаты» ӨБ АҚ сауда серіктесі. Осы шина зауыттары арқылы жеңіл автомобильдер, жүк көліктері, трактор және басқа да ауылшаруашылық және өнеркәсіптік техниканың барлық түрлеріне арналған шиналарды жеткізеді. Сонымен қатар, компания импорт техниканың авто және ауыл шаруашылығы машиналарын жаңартуды ескереді және тұтынушыларға отандық және шетелдік өндірістің кез келген мақсаттағы шиналарын ұсына алады.
Шиналардың кең ассортиментінен басқа, жеңіл және жүк техникасының барлық түрлеріне арналған дискілердің мол түрі бар. «Қостанайшинсервис» СТО сондай-ақ: шиномонтаж, көлік доңғалақтарын теңшеу, шағын мерзімді жөндеу, қалпына келтіру қызметтерін көрсетеді.
Қостанай, Базовая көшесі 1
Тел: +7 771 058 51 55