Асанова Самал Әділханқызы 1987 жылы 2 желтоқсанда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Ақтөбе жоғары политехникалық колледжін «мұнай және газ өңдеу техник-технологы» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдады.
Самал еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласындағы «Zeta» жиһаз компаниясында бастап, 4 жыл жұмыс істегеннен кейін ол одан әрі дамуды ойлап, 2014 жылы «Қазтелерадио» АҚ сату орталығына бас маман болып жұмысқа орналасты.
Көптеген адамдардың өмірінде жағдайды өзгерту үшін күрт шешім қабылдау қажет болатын кез болады. Самал үшін мұндай кезең 2018 жыл еді. Ол кезде жас жалғызбасты ана үйде отырып кондитерлік өнімдер пісіре бастады. Самал ұлын жалғыз тәрбиелеп отырғандықтан, оны назардан тыс қалдырмауға тырысып, бір жағынан оның таршылық көрмеуі үшін де еңбек етті. Хобби ретінде үйде отырып тапсырыс алып, шеберлік сабақтарын өткізіп отырды. Күн өткен сайын оның аспаздық өнімдеріне сұраныс артып, бір жыл ішінде өзінің алғашқы Samal cakes атты дүкенін ашты.
Кәсіпкер 2021 жылы «Даму» Қорының Ақтөбе облыстық филиалына келіп, қолдау сұрады. Самалдың кондитерлік цех ғимаратын сатып алуға «Bank RBK» арқылы 15%-бен алған несиесін Қор «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қолдап, мөлшерлемесін ішінара субсидиялады. Соның арқасында қарызды кәсіпкер тек 5%-бен төлейді.
Қазір компания иесі Самал түрлі елдерде кондитерлік және наубайхана ісін оқып, жоғары деңгейдегі мамандардан білім алып, елге келіп жаңа технологияларды бөлісіп отырады. Бұл білім мен машық тұтынушыларға жаңа өнімдер таныстырып, дәмді әрі эстетикалық жағынан көз тойдырар тағамдармен қуантуға мүмкіндік береді. Samal cakes клиенттерінің мерекелік үстелдерін бұрын-соңды болмаған сұлу торттармен безендіреді.
Самал Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығына мүше және қаланың көптеген ауқымды іс-шараларына жиі демеушілік жасайды, қайырымдылықпен айналысады.
Уақыт өте келе, Самал өзінің жеке өмірі мен жұмысын үйлестіре отырып, Instagram-да блог жүргізе бастады. Оның өмірі мен жетістігін 500 мыңнан астам жазылушы бақылайды, жетістігіне бірге қуанады.
Самал жеткен жетістіктер тізімі:
2020 жылдың үздік кондитері
Business women-2021
2021 жылдың үздік кондитерлік дүкені
Оның өмірлік ұраны: «Сіз жұмыс істемейінше армандар арман күйінде қалады».
Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Сәңкібай батыр көшесі, 12а/1
Instagram: @samal_cakes
Телефон: + 7 775 061 50 00