Көкшетаудағы «Блэк» фабрикасы 33 жылдан бері қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтары мен жиһаздарының түр-түрін табиғи ағаштан ойып жасап келеді. Компанияның өнімдері тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де танымал.
«Блэк» фабрикасын 1989 жылы Көкшетау қаласынан тұрғыны, суретші және ағаш шебері Юрий Егорович Никитенко құрған. Өнімдердің барлығына дерлігі өзінің эскиз, дизайнымен жасалады. Өндірістің негізі бағыты: астау, тегеш, кесе секілді ыдыстар. Сондай-ақ, фабрикада жиһаз және интерьер заттары, кәдесый секілді 3000-нан астам өнім түрлері жасалады. Көпшілігінің авторлық құқы мен патенті бар.
Фабрикада ағаш өңдеу және көркем ою технологиясын білетін жоғары деңгейлі шеберлер мен дизайнерлер жұмыс істейді. Үлкен жұмыс тәжірибесі мен өндірістік циклды үнемі жетілдірудің арқасында фабрика жоғары сапалы және әртүрлі дизайндағы өнімдер шығарады.
2021 жылы желтоқсанда компания айналым қаражатын толықтыруға «Альфа Банктен» несие алды. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры оның сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялап, несие сомасының 85%-ына кепілдік берді. Субсидияның арқасында кәсіпорын қарызды жылына 6%-бен ғана төлейді.
Бүгінгі таңда «Блэк» – Қазақстанның бренді. Өзінің тіркелген «Блэк» сауда маркасы және өз өнімдеріне авторлық құқығы бар ірі ағаш өңдеу кәсіпорны. Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері, дистрибьюторлары, интернет-дүкен, тапсырыстарды орындау жүйесі бар. Мұның бәрі компанияға Қазақстанның кез келген жеріне тапсырыс жеткізуге мүмкіндік береді. «Блэк» өнімдерін тек ел тұрғындары ғана емес, сонымен қатар ірі кәсіпорындар мен шетелдік делегациялар да қуана сатып алады.
Көкшетау қаласы, Р.Сабатаев көшесі, 125а
Сайт: https://astau.kz/
Instagram: @black.official.kaz
+7 702 225 2585