info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Сапалы кабель өнімдерін өндіретін «Талдықорғанкабель» ЖШС

Жаңалықтар
28.03.2024

«Талдықорғанкабель» ЖШС 1991 жылы бұрынғы «АгроПромЭнерго» кәсіпорны негізінде құрылды. 2005 жылы кабельдердің үлкен қимасын, сондай-ақ 10, 20, 35 кВ орташа кернеуге тігілген полиэтиленнен жасалған кабельдерді шығаратын өндірістік цех ашылды. 2010 жылы компания жақын шет елдерде шикізат ретінде сатып алынған алюминий катанкасын қайта өңдеу және құю жабдықтарын сатып алу туралы шешім қабылдады. Бұл өндіріс зауыттың ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен одан тыс жерлердегі БӨП өндірушілерінің де қажеттіліктерін қамтамасыз етті. Бұл сондай-ақ тауарлардағы отандық қамту үлесін 50%-дан 100%-ға дейін ұлғайтуға және республикалық маңызы бар жобаларға табысты қатысуға мүмкіндік берді. Қазір кәсіпорын 0,75мм2-ден 1000мм2-ге дейінгі қимасы бар 15000-нан астам кабель-өткізгіш өнімдер шығарады.

2023 жылы компания кабель өнімдер мен электр аспаптарын өндіру жөніндегі қызметті дамыту мақсатында инвестиция үшін «Банк ЦентрКредиттен» несие алды. Жобаны «Даму» Қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында қолдады. Нәтижесінде сыйақы мөлшерлемесінің 6% мөлшеріндегі бөлігі субсидияланады, сондай-ақ жобаға кепілдік берілді.

Барлық өнімдер МемСТ талаптарына сәйкес келеді және шикізаттың түсуінен бастап дайын өнімге дейін көп сатылы бақылаудан өтеді. Сондай-ақ, СТ-KZ сертификаттары және индустриялық сертификат бар, бұл отандық өндірушінің өнімін растайды. Компания саясатының басым бағыты өндірістік және басқару процестерінің сапасын үнемі арттыру.

Сайт: www.asia-electric.kz

Телефон: 8 771 554 17 28

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, 205