info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Алматы халықаралық әуежайы – Орталық Азиядағы ірі көлік-логистикалық хаб

Жаңалықтар
28.03.2024

Алматы халықаралық әуежайы – халықаралық деңгейде қызметтердің кең спектрін ұсынатын, ішкі және халықаралық жолаушылар мен жүктерді әуе тасымалы бойынша Орталық Азияның ірі көліктік-логистикалық хабы. Әуежай бірнеше жыл бойы өз миссиясын сенімді түрде орындай отырып, табысты жұмыс істеп, дамып келеді.

Алматы халықаралық әуежайы халықаралық рейстерді қамтамасыз етуге қабілетті жалғыз нысан. Сондықтан ол стратегиялық нысан және Қазақстан Республикасы инфрақұрылымының маңызды бөлігі болып табылады.

Жалпы, Алматы халықаралық әуежайы қазіргі уақытта 28-ден астам жолаушы және 7 жүк авиакомпаниясына қызмет көрсетеді, бұл күніне орта есеппен 173 рейсті құрайды.

Энергияны тұтынуды азайту және ғимарат ішінде де, әуе кемелері тұрағында да жарықтандырудың жайлылығын жақсарту мақсатында компания «БҰҰДБ-ГЭФ» бағдарламасы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы қаржы алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 12%-дың 10%-ын құрайды. Қарыз қаражаты жарықтандыру жүйесін жаңғыртуға жұмсалуда.

Алматы халықаралық әуежайы өңірдің экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, жолаушылар мен қызметкерлердің Алматы әуежайында жайлы сезіну үшін жағдайды жақсартуда.

Инстаграм: @almatyinternationalairport

Мекен жайы: Алматы қаласы, Майлин к-сі, 2

Байланыс телефондары : +7 727 222 15 51