info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Абзал мебель – сапалы жиһаз өнімдері

Жаңалықтар
03.05.2024

Қызылордалық Тұрсын Төлепов 2013 жылдан «Абзал мебель» брендімен тамаша жиһаздар шығарып келеді. Бұл іспен айналысуға бел буған алғашқы жылдары жылдары ол көбінесе кішігірім тапсырыстар орындайтын. Арнайы жабдықтары да болмады. Ағаш жонып, барлық бұйымды қолмен жасайтын.

Дегенмен, тұтынушылар риза болып, үсті-үстіне тапсырыс беріп, соның арқасында өзін өзі қамшылаған кәсіпкер уақыт өте келе жақсы нәтижелерге қол жеткізе бастады. Тапқан табысын ісін дамытуға салған ол қазір аймақтың жиһаз өндірісі нарығындағы көшбасшылардың біріне айналды.

Кәсіпкер Тұрсын Төлеповтің цехы үй мен кеңсеге арналған жиһаздың кез келген түрін өндіреді. Өндіріс қуаты 7500 тонна. Жұмыста Еуропада, Түркияда және Ресейде жасалған тек премиум материалдар мен жабдықтар қолданылады.

Жиһаз өндірісіне жабдықтар сатып алу мақсатында кәсіпкер Төлепов Тұрсын «Еуразиялық банктен» қарыз алды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры несиенің пайызын субсидиялап, қолдау көрсетті.

Кәсіпкердің өндірістік цехы жиһаз өндірісінің барлық циклы – материал жинаудан бастап дайын өнім шығарып, орауға дейінгі барлық процесті жүзеге асырады.

Қызылорда қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, 118

Тел: +7 707 526 70 70

Инстаргам: @abzal_mebel_kzo