Техникалық сұйықтықтарды қол жетімді бағада мінсіз сапамен шығаратын отандық компания

Жаңалықтар
23.05.2024

ЖК «Жұмашев» – екі жылдан астам уақыттан бері техникалық сұйықтықтардың кең ассортиментін шығарып келе жатқан компания. Кәсіпорын Қарағанды қаласында орналасқан және жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи техникамен жабдықталған.

«Жұмашев» ЖК негізінен «Zerek» брендімен МемСТ-2984 және ASTM- 3306 сәйкес келетін бірегей коррозияға қарсы қасиеттері бар отандық техникалық сұйықтықтар өндіру, тазартылған су, «Konzentrat», «Razional», «Optima» брендімен қатпайтын, қырауға қарсы сұйықтықтар өндірумен айналысады.

«Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында өндіріс 2023 жылы химиялық заттар өндіру бойынша қызметін кеңейту үшін «Банк ЦентрКредиттен» қаражат алды және кепілдік жеткіліксіз болған кезде «Даму» Қорынан кепілдік алды.

Өнімнің негізгі артықшылықтарының ішінде мыналарды атап өтуге болады:

  •  Жоғары өнімділік көрсеткіштері мен сенімділік;

  •  Өндіруші зауыттардың талабына барынша толық сәйкестік;

  •  Мінсіз сапа қол жетімді баға.

Өндіріс экологиялық, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігінің барлық нормаларын сақтайды. Шикізат пен компоненттерді қатаң бақылау жүзеге асырылады, ал дайын өнім көп сатылы тексеруден өтеді.

Компанияның табысының кепілі нарық қажеттіліктеріне бағдарлану, дәлелденген жеткізушілердің сертификатталған шикізаты мен компоненттерін пайдалану, барлық кезеңдерде сапаны тұрақты бақылау болып табылады. Сондықтан «Жұмашев» ЖК жыл сайын өндіріс көлемін ұлғайтады және қатысу кеңістігін кеңейтеді.

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Ермеков 52

Телефон: +7 777 006 00 10

Email: fsptoo@mail.ru