В Атырау будут свои чемпионы

+7 (800) 080 18 90

info@fund.kz

Жаңалықтар
11.06.2018

Атыраудың өз чемпиондары болады

 Атырау қаласында табысты еңбек ететін адамдардың басым бөлігі спортқа, дене бітімін қалыпта ұстануға көп назар аударады. Олар салауатты өмір салтын ұстану үшін әр екінші тұрғын үшін бассейн, жаттығу залдарына барады.

Кәсіпкер Жұлдыз Абдықұлова  жұбайы, белгілі талантты футболшы Берік Тәжібаевпен бірге өз қаражаттарына Жұмыскер  ауылдық округінде жалпы алаңы 717 ш.м болатын «Realsport» спорт кешенін салды.

- «Мини футболға арналған спорт кешенін салу идеясы Атырау қаласына жақын маңдағы ауылдарда футбол алаңдарының жетіспеушілігінен, сонымен қатар Атырау өңірінде мини футболға деген сұраныстың жыл сайынғы өсіп келе жатқанына байланысты келді», - дейді ерлі-зайыпты кәсіпкерлер.

 Спорттық кешенді салуға арналған жер телімін бөліп берген жергілікті билік пен «Даму» Қорының қаржылық көмегінің арқасында арман шындыққа айналды. Аталған жоба «AsiaCredit Bank» АҚ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жылдық пайызы 14, 70,0 млн теңге берсе, Қордың кепілдемесі 29% немесе 20,5 млн теңгені құрады. «Абдыкулова» ЖК компаниясының өз қаражаты есебінен түріктің футбол гранды Бешикташтан (Түркия) франшиза сатып алынды.

Қазіргі уақытта спорттық кешенге 150 ден астам адам барса, олардың 80-і балалар. Ересектер де балалар да қатыса алатын бокс, каратэ, гимнастика, кикбоксинг және кроссфит секциялары қызмет етеді. Көбінесе залға отбасы болып келеді. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына, мүгедектерге жеңілдіктер ұсынылады. Қазіргі таңда кәсіпкерлер аталған жобамен шектеліп қана қоймай, дарынды балаларға арналған жеке меншік спорттық мектеп-интернаттың құрылысын бастап кетті және Атырауда бірінші жабық футбол манежін салуды жоспарлап отыр.