Жамбыл облысының әкімшілігі «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.
Оған ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер және жасы 50-ден асқан үміткерлер қатыса алады.
Үміткерлер аудандық кәсіпкерлік бөліміне келіп, өтінім үлгісін толтырып, байқау құжаттарын толық өзі немесе өкілі арқылы бере алады.
Грант алуға қажет құжаттар тізімі:
Байқауға қатысу құжаттарының мерзімі: 2017 жылдың 19 маусымынан 03 шілдеге дейін жұмыс күндері сағат 09:00 ден 17:30 дейін (жергілікті уақыт).
Осы хабарландыру жайлы мына сайттан таныс боласыздар: http://dppzhambyl.gov.kz/about/info/news/1026/