info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

В Таразе пройдет семинар на тему «Разъяснения государственных программ поддержки МСБ»

Анонсы
16.08.2017

21 тамызда Тараз қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы» атты семинар өтеді.


Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мәжіліс залында өтетін семинар өз ісін сенімді бастағысы келетін немесе жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге, Жамбыл облысының тұрғындарына арналған.

Дөңгелек үстел аясында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері ісін жаңадан бастайтын немесе жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге төменде көрсетілген тақырыптар бойынша түсіндірме жұмыс жүргізеді:

  • ШОБ-ке арналған мемлекеттік бағдарлама түрлері.
  • Бағдарламалардың мүмкіндіктері.
  • Мемлекеттік қолдау алу тәртібі.

Іс-шараға ісін жаңа бастайтын немесе жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, студенттер, Тараз қаласының және Жамбыл облысының бизнес-бастамасы бар адамдар шақырылады.

Семинар өту мерзімі: 21 тамыз 2017 жыл

Басталуы: сағат 15.00

Өту мерзімі: 15.00 – 17.00

Өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 94. Тел.:8 /7262/999-470, 999-471, 541-150.