info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

В Астане пройдет бесплатный мастер-класс "возврат дебиторской задолженности и банковских комиссий за обслуживание кредита"

Анонсы
28.08.2017

2017 жылғы 31 тамызда «Даму» қорының Астана қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Несие үшін банк комиссиясы мен дебиторлық берешекті қайтару» тақырыбы бойынша шеберлік сабағы болады.

Шеберлік сабақ бағдарламасы:

1. Дебиторлық берешек дегеніміз не, оның түрлері және белгілері;

2. Дебиторлық берешек топтары;

3. Дебиторлық берешекті есептен шығару жағдайлары, борышкердің сипаты;

4. Қызметкерлерді ынталандыру жүйесі;

5. Несиені өтеуге қызмет көрсеткен үшін комиссия дегеніміз не және есептелген пайыздар түрінде шегерілген соманы қайтару үшін қандай құжаттар керек?

6. Жанжалды сотқа дейін шешу немесе Медиация дегеніміз не?

7. Орындау құжаттарының түрлері және құқық жүйесінде атқару өндірісінің орны.

Шеберлік сабақты несиені өтеуге қызмет көрсеткен үшін дебиторлық берешекті және банк комиссиясын төлету бойынша машықтанған заңгер (КҚК, Қарыз шотын жүргізу комиссиясы) Рүстем Ақышұлы Қаби, сондай-ақ кәсіби медиатор Валентина Олеговна Тимошенко, Қазақстан Республикасының республикалық жеке сот орындаушылар алқасының мүшесі Ердос Қалматай өткізеді.

Шеберлік сабақ 2017 жылғы 31 тамызда өтеді, басталуы сағат 16:00-де, іс-шараның ұзақтығы - 2 сағат.

Қатысу тегін, тіркеу bankam-atata@mail.ru электорндық поштасы бойынша, қосымша сұрақтар 8-701-879-73-89 телефоны арқылы.

Қатысқысы келетіндерді Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8А үйі, 3 қабат, конференц-зал мекен-жайы бойынша күтеміз.