info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

В Астане пройдет мастер-класс «Стили поведения людей и их мотиваторы. Как они влияют на нашу коммуникацию»

Анонсы
12.09.2017

15 қыркүйекте Астанада «Адамның мінез-құлқы және оларды ынталандыратын күш. Олар біздің коммуникацияға қалай әсер етеді» атты ерекше шеберлік сабағы өтеді

2017 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Адамның мінез-құлқы және оларды ынталандыратын күш. Олар біздің коммуникацияға қалай әсер етеді» тақырыбы бойынша шеберлік сабағы болады.

Шеберлік сабақ бағдарламасы және сұрақтары:

1) DISC адамдары қылықтарының стилі. Адамның 6 ішкі уәждеуіштері.

2) Бұл стильге басқа стильдермен қалай байланысу керек, тиімді коммуникация тәсілдері.

3) Осы уәждеуіштің басқалармен өзара түсінушілік мәселелері.

4) Оның ішкі уәждеуіштерінен негіздегенде қызметкерді қалай ынталандыру керек?

5) Қызметкерлерді бағалау үшін тиімді тәсілді іздейсіз бе?

6) Бұрыннан сіздің командаңыздағы қызметкерлерге мұқиятпен қарауды қалайсыз ба?

7) Жетекші қызметтерге адамдарды іріктеу ескі тәсілдері тиімді болудан қалды ма?

8) Кадрлардың тұрақтамауы, ниеті түзу емес қызметкерлер шаршатты ма?

Шеберлік сабақты CPBA & CPVA TTI Success Insights бойынша сертификатталған талдаушы Меруерт Жүнісбек өткізеді.

Шеберлік сабақ 15 қыркүйекте өтеді, басталуы сағат 16:00-де, іс-шараның ұзақтығы – 1,5 сағат.

Қатысу тегін, тіркеу kzorator@gmail.com бойынша, қосымша сұрақтар +7 (7172) 78-16-28, 8701 772 69 51 телефондары арқылы.

Қатысқысы келетіндерді Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8А үйі, 3 қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша күтеміз.